Британия, Франция, Германия сыртқы істер министрлері БҰҰ жиналысының барысында Иран президенті Махмұд Ақмединижатпен кездесіп, Иран ядролық бағдарламасы жөнінде сөйлесті. Мәселенің шешілуі жайында ешқандай табыс жасалған жоқ деп хабарланды. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро кездесу барысын сипаттаудан бас тартты. Джек Стро мәселені БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жеткізудің қажеті болмайтын шығар деген үмітін айтты. Иран президенті сенбі күні елдің ядролық мәселесін шешу жөнінде тың ұсынысын жарияламақ. Иранның уран байыту қызметін қайта бастағаны енді төрт күнннен кейін Халықаралық атом энергетика агенттігінің алқасында талқыланбақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады