Accessibility links

Непалда 87 журналист қамауға алынды


Непал астанасы Катманду қаласында полиция 87 журналисті қамауға алды. Олар наразылық демонстрацияға дайындалып жатқан кезде қамалды, журналистер Непалда сөз бостандығына шектеу қойылады деп наразы. Қамауға алынған журналистер, сол сияқты, үкіметті сынағаны үшін түрмеге отырғызылған журналистерге бостандық берілсін деп талап қоймақшы болды. Непалда демократиялық бағыттағы бірнеше демонстрация таратылып, белсенділдер қудалауға тап болып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG