Accessibility links

Парламенттік сайлау бүгін Германияда да өтіп жатыр


Үгіт-насихат кезеңі кеше соңына жетті. Үкімет басшысы канцлердің қызметіне қазіргі канцлер, Социал-Демократиялық партияның өкілі Герхард Шредер және Христиан-Демократиялық партияның өкілі Анжела Меркел таласып отыр. Қоғамдық пікір зерттеулері Анжела Меркелдің жеңіске жету үміті басым екенін көрсетеді, Анжела Меркел үкімет басындағы тұңғыш әйел азамат болмақ. Шығыс Германия тумасы Анжела Меркел Германия елін қайта қалай біріктірсек, 21 ғасырда сондай дәрежеде табысқа жету мүмкіншілігіміз бар деді. Билік басында жеті жыл отырып келе жатқан Герхард Шредер экономикалық жаңғыру барысында әлеуметтік жүйеге зақым келтірмей қызмет ете аламыз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG