Accessibility links

Ауғанстанда бүгін парламенттік сайлау өтіп жатыр


Мұндай шара елде отыз бес жылдан аса болмаған. Дауыс беруге он екі жарым миллиондай сайлаушы тіркелді. Парламенттің төменгі палатасына 249 депутат сайланбақ, додаға 5800 кандидат түсіп отыр. Сол сияқты 34 аймақта жергілікті парламенттер сайланбақ. Сайлау қарсаңында бірнеше қақтығыс орын алды. Сенбі күні полиция мен талибаншылардың қақтығыстарында екі тараптан 11 адам өлтірілді. Үлкен су тоспасын жармақшы болған 20 көтерілісші тұтқындалды. БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы елшісі Джейн Арноулт жексенбі күні көп қақтығыс бола қоймайды деп сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG