Accessibility links

БҰҰ-ның агенттігі Иран мәселесін дүйсенбі күні қарамақ


Франция сыртқы істер министрі Филипп Дюст-Блейзи Иранның ядролық мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару қажеттілігін қарастырып отырмыз деп мәлім қылды. Иран президенті Махмұд Ақмединижат БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп, уран байыту қызметін атқаруға толық құқылымыз деді. Иран президенті ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатқа бағытталған, шетел компанияларын атсалысуға шақырамыз, бірақ қорқыту-үркітуге тап болсақ – ядролық бағдарламамызды басқа жаққа бұрамыз деп ескертті. Франция сыртқы істер министрі Иран бұл мәлімдемесін халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығына қарамастан жасап отыр деп көрсетті. Халықаралық атом энергетика агенттігі дүйсенбі күні Вена қаласында мәселе бойынша АҚШ ұсынысын қарамақ, АҚШ әкімшілігі Иранға шара қолдану мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару керек дейді.
XS
SM
MD
LG