Accessibility links

Қантөгістің толастамауына қарамастан Ауғанстандағы парламент сайлауы ойдағыдай жалғасуда


КАБУЛ. Шамамен 12.5 млн. сайлаушының қатысуымен Ауғанстанда бүгін өтіп жатқан парламент сайлауы барысында қантөгілді. Бүгін Хост өлкесінде болған қақтығыста 3 тәліптің көзі жойылып, 2 полицей қаза тапты. Басқа бір оқиғада алғақы францұз жауынгері құрбан болды. Бүгін Кабулда 2 зымыран БҰҰ-ының қоймасына түсіп, бір қызметкер жараланды. Міне осындай қиындықтарға қарамастан сайлау ойдағыдай өтіп жатыр. Үкімет армиясының бір жауынгері: “Бірқатар аймақта бірен-саран проблема болды. Тәліптер дауыс бергендерді бақылау үшін дауыс беретін бөлмелерге камералар орнатылған деп, сайлаушыларды қорқытты. Онысы жалған. Бірақ қарақшылардан қорыққан халық ондай сөзге сенеді. Мен оларға “бұл өтірік”, “сайлауды ешкім тоқтата алмайды” деп айттым”, деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG