БАҒДАД. Ирақ парламенті елдің Ата заң жобасын қарастырып, БҰҰ-на тапсырды. БҰҰ бұл құжаттың 5 миллион нұсқасын жасап, қазанның 15-не белгіленген референдумға дейін сайлаушыларға таратады. Басқа да хабарларға қарағанда, Бағдадта бүлікшілердің шабуылынан Ирақ парламентінің бір мүшесі қаза тауып, екіншісі жараланды. Киркук қаласында орын алған жарылыстан 3 Ирақ әскері опат болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV