Accessibility links

“ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы иесін сотта кімнің қорғайтыны әлі белгісіз


МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеу қалалық соты белгілі кәсіпкерлер М.Ходорковский мен П.Лебедевке тағылған айыптар бойынша кассациялық шағымды қарауды сейсенбіге қалдырды. Адвокат Г.Падваның сырқаттанып қалуына байланысты, сотта М.Ходорковскийді кімнің қорғайтыны әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар М.Ходорковскийдің сайлауалды штабы Мәскеудің 201-інші сайлау комиссиясына оны Мемлекеттік дума депутаттығына үміткер ретінде тіркейтін құжаттарын тапсырмақшы. Думаға қосымша сайлау – осы жылдың 4-інші желтоқсанына тағайындалды. М.Ходорковский - өзіне шығарылған сот өкімі күшіне еніп үлгермеген күнде ғана сайлауға түсе алады.
XS
SM
MD
LG