БІШКЕК. Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев елдің бас прокуроры Әзімбек Бекназаровты қызметінен босатты. Бекназаров мырза Қырғызстанда наурыз айында болған төңкерістен кейін елдің бас прокуроры лауазымына ие болған еді. Қырғызстанның АКИ-пресс агенттігінің хабарлауынша, президент Бәкиев сондай-ақ Бекназаровтың орынбасары Нұрланбек Жееналиевті де қызметінен босатқан.