БАҒДАД. Бүгін Англияның қорғаныс министрі Ирақтағы 2 ағылшын жауынгерін босатқан ағылшын әскерінің әрекетін “өте дұрыс” деп ақтады. Оның айтуынша, Ирақ үкіметімен келісімге сәйкес, әлгі 2 жауынгер халықаралық күштердің қатарына оралуға тиіс еді. Басрадағы ағылшын әскерінің мәлімдеуінше, жергілікті полиция ішкі істер министрлігінің 2 жауынгерді босату жөніндегі бұйрығын орындағысы келмей, ағылшындар жергілікті түрмені басып алып, 2 жауынгерін өзі босатты. Бүгін Ирақтың Мосул қаласында жанкешті лаңкес өзінің бомба орнатылған автокөлігін АҚШ дипломаттары отырып келе жатқан автокеруеннің жолында жарып, одан 7 күзетші, оның ішінде Мосул қаласындағы АҚШ консульдігінің 4 қызметкері қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты