Бельгия астанасы Брюсселде ЕуроОтақтың Түркиядағы күрдтер және өзге шағын ұлттар мәселесіне арналған 2 күндік конференциясы сейсенбі күні өз жұмысын аяқтады. Брюсселде Еуропа парламентінің бастамасымен өткен ЕуроОдақтың бұл соңғы басқосуында күрдтер, өзге шағын ұлттар жағдайы, конституциялық реформа, Кипрдың ЕуроОдаққа мүшелігіне Түркияның қарсылығы мәселесі қаралды. Ал мұның бәрі сол Түркияның ЕуроОдаққа мүшелігі алдында атқарылар шаралардың орындалу мүмкіндігіне алғы шарт десе де болар еді.
Яғни, Түркияның бірнеше ондаған жылдар бойы ЕуроОдаққа қабылдану жөніндегі келіссөздердің басталуы үшін де бірқатар шарттарды орындауы қажет болып тұр.
Түркия қазіргі кезде тығырыққа тірелгендей, күрделі кезеңде тұрғаны анық болып қалды. Себебі, ЕуроОдақтың бұл ұйымға Түркияның қабылдану жөніндегі келіссөздердің, егер іске аса қалса, басталуының өзіне екі-ақ апта қалды. ЕуроОдақпен өтетін ол келіссөздер қазанның 3-іне жоспарланған.
Ал оған дейін алдымен, Кипрдың ЕуроОдаққа мүшелігіне Түркияның келісімі қажет. Яғни, гректердің Кипрдегі жарты аралының егемен екендігін мойындағанның өзінде Түркияның ЕуроОдақ мүшелігіне кіруіне әлі тағы да ондаған жылдар қажет болады екен. Мысалы, Германиядағы осы соңғы парламенттік сайлауда Шығыс германиялық Меркел жеңіске жететін болса, оның өзі Түркияның Еуродаққа жақындатқысы келмейтіндігі анық.
Ал, Брюсселдегі бұл жиынның өзінде дүйсенбі күні, алғашқы күнгі төраға Карин Вестраймға кворум жоқ деп қарсылық білдіріліпті.
«Бұл жиынға кейбір шешендер келмейді. Солардың бірі күрдтердің саяси партиясы жетекшісі Бакирхан. Бакирханның шақырылмауына оның Түркиядағы күрдтер жөніндегі мәлімдемесіне байланысты кінә тағылып, оған шетелге шығуға тыйым салынған. Бірақ бұған Түркия үкіметінің түсіністікпен қарауына үміттенеміз», - дейді төраға Вестрайм ханым.
Сондай-ақ бұл жиынға, алғаш келісім бергенімен, ЕуроПарламент президенті Джозеф Боррел, ЕуроОдақтың кеңейтілуі жөніндегі комиссионер Олли Реен де келмеген. Ал президент Боррелдің орнына келген оның орынбасары, британиялық консерватор МкМиллан Скот, Түркияны қолдағанымен өте үлкен сақтық танытып отырғандай.
«Менің бүгін айтарым, Түркияда айтарлықтай игі өзгерістер баршылық. Бұл жиын төрағасы Вестрайм ханымның айтқанындай, ЕуроПарламенттегі саяси топтардың көзқарасы мұны растайды», - дейді ЕуроПарламент президентінің орынбасары.
МкМилланнан кейін сөйлеген 3 шешен де Түркияның саяси және ата заңдық реформасынан қателіктер табуға әрекет етіп баққан. Дегенмен өзге шыққан күрд өкілдерінің бірі, Түркия парламентінің бұрынғы мүшесі Хатап Дикле Түркияның ЕуроОдаққа мүшелігін толық қолдайтындығын айтқан. 1994 жылы, Түркия парламентіндегі тағы да 3 депутатпен бірге Дикле 15 жылға абақтыға қамалған болатын. Ал, «Эмнести интернэшнл» ол кезде бұлар ар-намыс қорғаушысы ретінде саясат құрбаны болғандар деп есептеген болатын.
Міне, енді сол Дикле бұл Брюссел жиынында Түркия ЕуроОдаққа кірген кезде ғана ол елдегі күрдтердің өз арман-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік туады деген үміт айтқан. Бірақ ол жолдың қиындығын да мойындайды. Оның айтуынша, Түрік армиясы күрдтер тұратын аймақтарды бірқатар зорлық-зомбылықтарға барғандығы да шындық.