Accessibility links

Қазақстанда есірткіні тасымалдау және сату үшін кесілетін жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін күшейту ұсынысы қолдау тапты


Үкімет отырысында ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков қазіргі заңнан ешкім қорықпайды, деген мәлімдеме жасады. Сондықтан, мектепте есірткі сатқандармен аса ірі көлемде есірткі таратқандарды өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметов бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Тіпті, есірткімен күрес қызметтеріне бөлінетін қаржыны ұлғайтуға уәде берді. Балалардың тағдырына келгенде үнемдемейміз, деді ол. Оқушылар болса, есірткінің ауыр түріне көшкен, деген мәлімет бар.

Жуырда ғана наркодиспансерден шыққан өзін Қайрат деп таныстырған жігіт есірткінің көп түрін тұтындым дейді:

- Тартып көрдім, содан кетті. Басы бурбулятордан басталып, аяғында инеге отырдым. Наркодиспансерден бірақ шықтым. Кейде өзімді ұстай алмаймын, кетіп қалады қайтадан. Мысалы, Астана және Солтүстіктегі қалалардың клубтарында дәрі есірткі сатады.

Сарапшылардың пікірінше, кейбір елдерде есірткі сатқандарға өте қатаң жаза қолданылады. Мысалы, Қытайда мұндай адамдар өлім жазасына кесіледі. Егер, Қазақстанда өлім жазасына мараторий жарияланбағанда, мұндада осы жазаға кесу ұсынысы жасалар еді, дейді заңгерлер. Ал, Қазақстанда есірткі тарататындардың төрттен бір бөлігі тек шартты түрде бас бостандығынан айырылады. Және бір бөлігі сот үкімінен кейін бір жыл өткенсоң-ақ бостандыққа шығып жатады. Егер, бұлай жалғаса беретін болса заңнан ешкім қорықпайтын болады, дейді Ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков:

- Бұл өте қауіпті жалпы әлемгеде. Көрші Ауғаныстанда бір жыл ішінде 4500 тонна апиын өндіреді. Ол әлемге таратылады. Ал, сол жолда біз Қазақстан тұрмыз.

Жуырда өткізілген тексеру мәліметтері қоғамды бір шошытқан, дейді заңгерлер. Нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар деген мәлімет бар. Және Ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков есірткі сатумен тіпті полиция қызметкерлері айналысатындығын мойындап отыр. Қазір 15 полиция қызметкеріне қылмысты іс қозғалған. БҰҰ-ның мамандары Республикада өткізген есірткімен күрес науқаны барысында қоймаларда заңсыз сақталған медициналық есірткі де тауыпты. Бұл Қазақстанда есірткінің барлық түрлерінің айналымда екенін айғақтайды, дейді халықаралық сарапшылар. Ал, Астаналық кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау орталығының тәрбиеленушісі Сергейдің айтуынша, наша шегетіндер 6-7 сынып оқушылары, тіпті 5 сынып оқушыларыда наша шегеді, дейді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, нашақорлар әрдайым ұлғайып отырады. Сарапшылдардың пікірінше,бұған Астанадағы миграция себепкер. Айналымда жүрген қаражатта көбейген. Еркін саудадағы ішімдік пен темекі бұйымдарының және химиялық заттардың келтіретін кеселі тағы бар. Осының бәрі нашақорлардың көбеюіне әкеп соққан, дейді мамандар. Жуырда ғана наркодиспансерден шыққан өзін Қайрат деп таныстырған жігіттің айтуынша да, соңғы кезде нашақорлар саны ұлғайған:

- Көрініп тұрғой байдың балаларын отырғызады. Шеңберде отырғанда айтады, «Ой, өмір бір рет беріледі. Тартып көп», деп. Олар қаланың шетінде тұрады. Нашаның шырпыға салынған көлемі 200 теңге, стақаны 1000 теңге тұрады.

Бұған дейін, БҰҰ халықаралық комитеті Қазақстанда есірткіге тәуелді болып қалғандар саны 140-мыңға жеткен деген мәлімет таратқан. Ресми көрсеткіштерді тек онға көбейткенде ғана шынайы жағдайды елестете аламыз, дейді мамандар. Ал, Астананың әлеуметтік реабилитациялық орталығында 9 мыңға жуық адам тіркелген. Оның 2 мыңға жуығы нашақорлар. Астана нашақорлардың саны бойынша республикада 4-орынды иемденіпті. Астаналық кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау орталығының бастығы Евгения Шевченконың айтуынша, заңды қаталдатқан дұрыс, бірақ, есірткіні тұтынатындарға емес. Өйткені, олар ауру адамдар, дейді ол. Және кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізу мәселесін шешу керек, дейді Евгения Шевченко.

Бұған дейін, Қазақстанның әділет министрлігі нашақорлықпен күрес туралы заң жобасын жасаған. Жобаны жасаушылардың пікірінше, заңда нашақорлықтан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін көмек және есірткі бизнесімен күрес шараларына ат салысқан адамдардың қауіпсіздігінің кепілдігі туралы сөз қозғалған. Ал, соңғы шешім бойынша, Кеден мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, шекарадан өткен адамдарды 3 мәрте тексеру тапсырылды.
XS
SM
MD
LG