Қазір Қазақстанда интернет желісіне қосылу үшін, 3 сыртқы арна жұмыс істейді: Алматы- Гонконг, Алматы-Мәскеу және Алматы-Франкфурт. Осы арналарды көбейтудің арқасында бұдан былай интернетке шығатын арналардың өткізу мүмкіндігі бұрыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда 19 пайызға артады деп хабарлайды «Қазақтелеком» басшылығы. Компания мамандары, мұндай шешімді Интернет қызметін пайдалануға ниет білдірген жаңа клиенттер санының артуына байланысты қабылдадық, дейді. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, аталған Интернет арналарының сырттан кірушілерге тосқауыл қою мүмкіндігі әлі жойылмаған. Айта кететін жайт, «Қазақтелеком» қазақстандағы ең ірі интернет-провайдер болып табылады. Сондықтан, көптеген сайттар осы компания қызметін пайдаланады. Қазақстанның интернет кеңістігінде сайты бар «Әділ сөз» қорының маманы Ғалия Әженованың айтуынша, басқа провайдерлермен жұмыс істеу қиын болып тұр:
- Бір монополист бір жаққа қараса ол соның саясатын жүргізеді. Ал, басқа провайдермен жұмыс істеу үшін, оған мемелекет өзі оң көзбен қарау керек.
Қазақстандағы екінші ірі провайдер «Нұрсат» компаниясының басшылығы бұл жөнінде ақпарат беруден бас тартты. Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттар тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Ең алғаш интернетті бақылауға алу жүйесі 1999 жылы «Еуразия» сайтын жабуға байланысты іске қатысты тіркеліпті. Бертін келе «Кей Зет» аумағында тіркелетін сайттар қадағалауға алынды. Бақылаушылардың пікірінше, «Кей Зет» аумағындағы сайттардың 70 пайызына жуығы шет елде. Өйткені, Қазақстандағы интернет кеңістігіндегі бағалар тым қымбат деп түсіндіріледі. «Әділ сөз» қорының маманы Ғалия Әженовада интернет кеңістігі кеңейгенімен баға әліде қымбат деп отыр:
- Басқа жақтармен салыстырсаңыз бізде басқасын қойғанда ұялы телефонды пайдаланудың өзі қымбат. Мысалы, АҚШ-та бір телефон 20 доллар тұрады және оған қосымша 2 сағат тегін сөйлесуге болады.
Оппозиция өкілдері бұл шаралар президент сайлауы алдында әдейі жасалған, дейді. «Атамекен» кәсіпкерлер қауымдастығында істейтін саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, мұндай проблема бар:
- Операторлардың қолданулышарға қолдан қиыншылық жасап жатқанын интернет қолданушылары біледі. Ол тек бізде ғана емес, басқа мемлекеттерде, әсіресе авторитарлық елдерде бар.
«Қазақтелеком» компаниясының өкілдері бұл жөнінде ақпарат беруден бас тартты. Жалпы, интернет қырғи-қабақ соғыстың соңғы кезеңінде шекараларды ашық ету үшін, осылайша қоғамды демократияландыру үшін құрылған болатын, дейді компьютер мамандары. Ол кезде, интернет Батыстың тоталитарлық қоғамдарға қарсы бағытталған идеологиялық қаруы болатын. Кейбір сарапшылар керісінше, интернет демократияға қауіпті, деген пікірде. Ұрықсаты жоқ вебпарақшаларда жарылғыш заттарды жасау әдістері, жалаңаш балалардың суреттері сияқты қауіпті ақпарат жарияланады, дейді олар. Бастысы, ірі қылмыстық топтар өз әрекеттерін интернет арқылы реттеп отыруға мүмкіншілік алған деген ақпарат бар. Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, бар жаманшылықты интернеттен көруге болмайды:
- Интернеттің жаман жағы бар. Бірақ, басқа нәрсе іздеген адамдар бәрібір оны басқа жерден іздеп табады. Оны интернеттен көруге болмайды.
Қазір, әсіресе шет елдік сайттар мен интернет орталықтарына көп көңіл бөлінеді, дейді оппозиция өкілдері. Ал, АҚШ мемлекеттік департаменті соңғы 8 жылда әлем бойынша 60 астам интернет орталықтарын ашқан. Оның 16 Қазақстанда орналасқан.