Accessibility links

"Рита" дауылы АҚШ-тың Техас және Луизиана штаттарына келе жатыр


Техас штаты Даллас қаласының маңында "Рита" дауылынан қашып жатқан адамдарды тиеген автобус өртенді, кемінде 20 адам қаза тапса керек. Автобус негізгі жол тарабында өртенді де, күре тамыр жолдағы көліктерге бөгет жасады. Жаңадан шыққан "Рита" дауылы АҚШ-тың Техас және Луизиана штаттарының жағалауларына келе жатыр, бұл аймақтардан және Хьюстон қаласынан екі миллион адам кетіп жатыр. Хьюстон - АҚШ-тың халық саны бойына төртінші ірі мекені. Мұндай үлкен эвакуация науқаны АҚШ тарихында бұрын соңды болмаған. Хьюстон мен Гальвестон қалалары дауылдың төте соққысынан аман қалады деген болжам айтылды.
XS
SM
MD
LG