Accessibility links

Солтүстік Ирландияда бейбіт келіссөзді жалғастыруға жол ашылды


БЕЛЬФАСТ. Ирландияның Республикалық армиясы немесе қысқаша ИРА - толық қарусыздану уәдесін орындап, енді Солтүстік Ирландиядағы бейбіт келіссөзді бастауға жол ашылды. ИРА-ны қарусыздандыру жөніндегі комиссиясының төрағасы, генерал Джон де Чэстелэннің айтуынша, “өткен апталарда ИРА өкілдері мен комиссия мүшелері қаруды жою миссиясын орындап шықты”. “Енді біз ағылшын және ирланд үкіметтеріне қарудың үлкен қорын қолданыстан шығару шарасын бақылағанымызды хабарладық. Бұл ИРА-ның жарағында болған барлық қару ғой деп сенеміз”, деп мәлімдеді генерал Чэстелэн.
XS
SM
MD
LG