Accessibility links

Өзбекстандағы сот процесінде айыпталушы 15 адам кінәларын түгел мойындарына алып жатыр


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанда мамыр айындағы Әндіжанда болған халық толқуына байланысты сот процесі тағы жалғасты. 15 адамға, оның ішінде 3 Қырғызстан азаматы бар, Әндіжандағы көтерілісті ұйымдастырды деген айыптар тағылып отыр. Соттың өткен аптадағы отырысында олар Өзбекстанның конституциялық билігін құлатып, ислам мемлекетін құруды көздеген ислам ұйымдарына жататындарын мәлімдеп, кінәларын мойындарына алды. Соттың бүгінгі жалғасында 3 айыпталушы “Әндіжандағы көтерілісті шетелдерден келгендер ұйымдастырды” деген ресми биліктің мәлімдемесін растап, көрші Қырғызстанда орналасқан әскери базада дайындықтан өткендерін мойындады. Өзбекстанда тағы 100-ге тарта айыпталушы сотты күтіп түұрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG