Өз қарулары мен жарылғыш заттарын жою жөнінде шешім шығарғандарын бұл ұйым жариялаған болатын. Солтүстік Ирландияда қақтығыстардан бейбітшілікке қарай ауысу үдерісінде бұл қадам айрықша мәнге ие, деді Блейр мырза. Ал, ИРА-ның басшысы Герри Адамыс болса, өз ұйымының әрбір азаматқа “өткенді ұмытып, бейбіт өмір құру” жөнінде ұсыныс жасап отырғанын айтты.