Қазір үкіметте Алматы облысында туристік кластер жасау бағдарламасы қаралуда. Статистикалық мәліметтерге сәйкес әр турист орта есеппен 700 доллар тастап кетеді екен. Туризм саласының мамандары есептегендей егер бәрі ойдағыдай болса 2005 жылы Қазақстан туризм арқасында 42 миллион доллар табыс табуға тиіс. Сан қырлы туристік бизнестің келесі бір тиімділігі бар дейді мамандар. Әр туристке қызмет көрсету үшін 9 жұмыс орны ашылса, Қазақстанда тек шеттен келетін қонақтардың арқасында 414 мың қазақстандық азаматтар жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіні есептелген. Ал, жазғы демалысын Алакөлде өткізген Астана тұрғыны 50 жасар Зағипа Нүрпейсованың айтуынша, келесі жылы ол Қазақстаннан басқа жерде дем алады:
- Биыл Алакөлде демалдық. Суы шипалы, бірақ, сервис жоқ. Сондықтан келесі жылы отбасымызбен Түркияға барамыз.
Туристік саланы реттеу және сауда комитетінің мамандары айтып өткендей, туристік салаға бюджеттен және жеке инвесторлардан қаржы салынады. Егер, республикалық маңыздағы жол болса, онда қаржы бюджеттен, ал, нысандарға жеке компаниялардан алынады. Туристік саланы реттеу және сауда комитетінің төрағасы Қайырбек Өскінбаевтің айтуынша, инвестиция туралы заңдағы өзгерістерге орай инфрақұрылым нысандарын салуға көп көңіл бөлінген:
- Бұрын көмектесіңдер деп жай жазатын, қазір нақты айтылған. Мысалы, Алматы әкімі Шымбұлақты реттеуге тиіс. Нақты жазылғансоң ешқайда кете алмайсың.
Кәсіпкерлер болса, бұл салаға қаржы салуға болады, бірақ, құжаттарды толтырып келісім алу ұзаққа созылып кетеді деген пікірде. Жерді жалдап, оған туристік нысанды салып, коммуникация өткізуге рұқсат алу үшін, бір жыл уақытың кетіп қалатын жағдайлар болып тұрады, дейді кейбір кәсіпкерлер. Егер, осы олқылықты шешсе туристік саласында құрылыс нысандары күрт ұлғайатын еді дейді олар. Астанаға әдейі келген Алматылық туристік фирма қызметкері Айнұр Еркімбаеваның айтуынша, туризм саласына салынған қаражат тез қайтпайды, сондықтан инвесторларды табу қиын дейді ол:
- Құм алу керек тонналап, шезлонг, күн шатырлар, күн күйгеннен сақтайтын крем сататын дүкендер керек. Оған орасан қаржы қажет. Бірақ, біздің халыққа аяқ астынан ақылы шипажай ашсаң түсінбейді. Сондықтан, туризмге салған ақша тез қайтпайды. Ал, мұндай талаппен инвесторды қызықтыру қиын.
Шенеуніктердің айтуынша, туризм кластері келесі жылдан бастап жұмыс істей бастайды. Қазір инвесторларға тиімді болу үшін, жерді жалға беру мерзімін 45 жылға жеткізу қарастылырылып жатыр. Сонда кәсіпкер туризмге салған ақшасын қайтарып одан табыс тауып үлгіреді. Туристік саланы реттеу және сауда комитетінің төрағасы Қайырбек Өскінбаевтің айтуынша, туристік кластер құру керек деген үкімет қаулысына сәйкес, қаржы қорларына туризм саласында жұмыс істеймін деген кәіспкерлерге жеңілдік жасау көрсетілген:
- Үкіметтің бірнеше қорлары бар. Олар қаржыны тек маңызды салаға бөледі. Және олардың қаржысы басқа коммерциялық банктердегідей емес, жеңілдіктері көп.
Бірақ, әзірге туризмнен түсетін табыс үлкен емес. Экономика саласы ретінде ол тек 2002 жылы қолға алынған. Соның кесірінен туризм саласының дамуы баяу болған дейді сарапшылар. Қазақстанға кіретіндердің көбісі туристік емес, іскерлік сапармен келеді. Территориясы үлкен Қазақстанда туристерді орналастарынатын не бәрі 320 нысан бар дейді мамандар. Оның өзі қонақ үйлерді қосып есептегенде. Қазақстанда 4-5 жұлдызды алып ғимараттар салынғанымен бұқаралық туризмге қажет 3 жұлдызды қонақ үйлер жоқтың қасы, дейді туристік компания өкілдері.