- Қазір ондай мүмкіншілік жоқ. Біз тек пактіні ғана бекітіп жатырмыз. Оны пактіні бекіткеннен кейін біраз жұмысты қажет етеді, - дейді омбудсмен.
«Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактіні Парламент депутаттары ресми бекіткенімен Қазақстанның азаматтары халықаралық сотқа шағымдана алмайды екен. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамовтың айтуынша, тек қосымша құжаты қоса қабылдаған жағдай да ғана, Қазақстан азаматтарының БҰҰ-на өтініш берулеріне құқықтары болады:
- «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» халықаралық пактінің факультативті мәжіліс хаты болады. Егер ол қабылданса, біздің азаматтар кім болса да БҰҰ-ның комитеттеріне хат жазып, құқығымыз тапталып жатыр деп, арыздана алады, - дейді Болат Байқадамов.
Ал Парламент депутаттарының негізгі дауына арқау болған халықаралық пактідегі баптарға сүйенсек, онда негізгі құзырет сотқа берілген. Ал Парламент депутаттары бұл Конституцияға қайшы болады дейді. Мысалы Бекболат Тілеуханның сөзіне жүгінсек, Қазақстан заңдарында тек прокурордың санкциясымен ғана ұстауға құқық берілген. Сондықтан ол «бұл пакті Қазақстан Конституциясына қайшы келеді» дейді.
- Егер аталған пактіні қабылдасақ, ұсталғандарды бірден сотқа беру керек, ол соттың қасында тергеушілері болады. Ол бізде дайын емес. Егер оны қабылдаса, әлемдік қауымдастық бізден талап ете бастайды, сосын олардың сынына ұшырауымыз мүмкін, - дейді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.
Бірақ Сыртқы сыртқы істер вице-министрі Рәпіл Жошыбаевтың айтуынша, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де, Жоғарғы сот та халықаралық пакітіні ескертусіз қабылдауды жөн деп санаған. Ал Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдірахманов, Қазақстандағы прокуратураның жұмысы ашық емес, сол себептен негізгі құзыретті сотқа беру керек дейді:
- Сот пен прокуратураның айырмасы бар. Сотты тағайындау рәсімі бар. Оны президент белгілейді. Ал прокуратурада ондай талдау жоқ, жариялылық жоқ, жұмыстары ашық емес.
Енді халықаралық пактіні Парламент бекіткенімен, Қазақстан азаматтарының халықаралық сотқа шағымдана алмайтындығына байланысты «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі Алтынбек Сәрсенбайұлы «Азаттық» радиосына төмендегідей пікірін білдірді:
- Сайлаудың алдында Назарбаевқа демократиялық мемлекет құруға тырысушылығын көрсету үшін қабылданып отыр. Ал адам құқықтары мен талап тілектері күн сайын бұзылуда. Мысалы, осы пактіні Парламент талқылап жатқан кездері тәуелсіздік баслымыдардың барлығын баспалар баспайтын болып, шығарып тастап жатыр, - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы.