ДЖАКАРТА. Бүгін Индонезияның қауіпсіздік күштері Бали аралындағы лаңкестік шабуылдардың қайталануы мүмкін деген күдікпен Джакартада қауіпсіздік шараларын күшейтті. Индонезия президенті кеше осылай деп ескерткен болатын. Полиция бастығы Маде Манку Пастиканың мәлімдеуінше, “Балидегі 3 жарылысты іске асырған 3 жанкешті-лаңкестің бірі Кутадан, қалған екеуі Джимбараннан шыққандар”: “Мен бұл жарылыстарды жоспарлап, қопарғыштарды дайындауға атсалысқан өзге адамдар да болған; біздің іздегеніміз де сол адамдар”, деп мәлімдеді Пастика. Кемінде 26 адам, оның ішінде шетелдік турнистер қаза болып, 120-дан аса кісі жараланған Бали аралындағы 3 террористік шабуылды әзірше ешбір ұйым не топ жауапкершілігіне алған жоқ.