Accessibility links

Түркия Европа одағымен Түркияның блокқа мүше болу турасындағы келіссөз басталып кетті


Бұл келіссөз Европа одағының сыртқы істер министрлері мен Австрияның арасындағы Түркияның одаққа қабылдану турасындағы үмітін сөндіре жаздаған күрделі талқылаулар бір ұйғарымға келгеннен кейін басталды. Мұндай жетістікке қарамастан, Анкараның алдына ондаған тіпті одан да көп қатаң талаптар қойылып отыр, оларды жүзеге асырмайынша, Түркияға Одаққа мүше болуға кепілдік берілмейді.

Түркия Евроодақтың 35 заңын, оның ішінде әлеуметтік, әділет, сыртқы және қауіпсіздік саясаты турасындағы заңдарын қабылдауы тиіс болады. Осы мәселе төңірегінде «Азаттық» радиосының тілшісі Түркияның бұрын Берлинде, Бейжинде және Аммандағы елшісі болған, қазір Анкарадағы Билкент университетінің Сыртқы саясат институтының талдаушысы Решат Ариммен сұхбаттасқан еді.

- Дүйсенбіде қол жектен жетісіктіктерге Түркия жұртшылығы мен баспасөзі қалай қарады, қандай пікірлер білдіріп жатыр?

- Біз бұл тұрғыда өте қатты жұмыс істеп жатырмыз. Бұл Түркия үшін өте маңызды жоба. Сіздер білесіздер, Мұстафа Кемал Ататүрік кезеңінен бері Түркия деген жаңа республика Батысқа бет бұрды. Біз мысалға швейцариялық азаматтық кодты қабылдадық. Мұнда жекелеген азаматтарға, отбасыларына қатысты көптеген жайттар 1926 жылғы заңды қолдану арқылы реттеледі. Солай, мұнда Европа үлгісімен үндесетін көптеген заңдар, институттар бар.

- Алда қиындықтарға толы ұзақ жол бар. Сіз Түркияның Евроодаққа қабылдануы жолындағы ізденістерінде ең басты кедергі не болады деп ойлайсыз?

- Біз Евродақтың кеден одағын 1996 жылы қабылдадық. Кандидат елдер арасында олардың ешқайсысы одаққа мүше болмай тұрып, Кеден одағының мұндай жауапкершілігін мойнына алған емес. Міне, сол себепті де, Евродаққа қабылдану келіссөзі барысында экономикалық мәселелер жеңіл шешіледі деп пайымдаймын, өйткені біз Кеден одағындамыз.

- Ал қауіпсіздік және әділеттілік мәселелері турасында не айтуға болады?

- Бұл арада соншалықты бір көп мәселе туындай қоймайды. Соңғы үш, төрт жылда біз Копенгаген талаптарын мақұлдау үшін көптеген заңдарымызға өзгерістер енгіздік.

- Бұл айтқандарыңызды құрметтей отырып, күрдтер мәселесіне де оралсақ. Менің білуімде Копенгаген критерийлерінің бір бөлігі осы еді ғой. Кейбіреулердің айтуларына қарағанда, Түркияның реформаларында күрдтер азшылығына қатысты мәселелер әлі де баршылық қой?

- Шындығында сондай көп емес. Бізде күрдтекті адамдар бар. Бірақ олар азшылық емес, олар бірінші дәрежедегі азаматтар. Бір ғана сұрақ олардың ана тілін қолдануы мен өз баспасөзі мен хабарларын тарату турасында болған еді. Кейінгі екі жылда біз көптеген жайттарды өзгерткен заңдар қабылдадық. Сөйтіп, енді күрдтер өз тілдерін қолдана алады, күрд тілінде хабарлар таратылады, күрд кластары бар.

- Келіссөздің бір бөлігі ретінде Түркияның Кипрдің грек жағын мойындауы айтылған. Мұны жүзеге асыру қаншалықты қиын және ол қашан болады деп ойлайсыз?

- Ол әл әзір емес. Ол тым алыс. Түркия Грек Кипрін Кипр үкіметі ретінде мойындай алмайды. Түркия Кипр республикасын мойындаймын деп айта алмайды. Бірақ, дәл қазіргі уақытта Кипр мәселесі шешілсін десек, БҰҰ-ның бас хатшысы Кипрдің екі бөлігінің бірігуіне күш-жігер жұмсайды деп соған көп үміт артамыз. Түрік үкіметі бұл жайт кәдімгі келіссөз арқылы реттелуі керек деп айтып келеді.

- Түркияның Одаққа қабылдануы кезеңіне бір қиындық туғызар жайт, ол - Европаның кейбір елдерінде бұл мәселе турасында референдум өткіземіз, сөйтіп халықтың пікіріне сүйенеміз деп отыр ғой. Мәселен, Австрия мен Франция осындай референдум жайында айып та қойды. Түркияда міне осындай күрделі жайттар төңірегінде, кебір елдегі көлеңкелі көзқарасты жеңіп шығу үшін не ойластырылуда?

- Әрине, Европа жұртшылығының пікір-көзқарастары олардың үкіметтерінің көзқарастарынан алшақ болуы мүмкін. Оларда келіссөз аяқталған соң референдум болары белгілі. Бірақ бұл уақыт аралығында көптеген Европа елдерінде жұртшылық Түркияның Одаққа кіруінен келер көмек пен пайда жөнінен бірқатар ақпараттар алатын болар. Ең бастысы бұл ондағы үкіметтер атқарар іс-шаралар. Дегенмен де біздер де көмектесуге тырысамыз.

AzattyqTV

Астана маңындағы ауыл

Қояндылықтар жол сұрайды

XS
SM
MD
LG