Жорамал бойынша, енді 5 жылдан кейін, Қазақстанда Кеңес одағынан қалған тек 12 ұшақ жұмыс істейтін болады. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алматбек Мәмбетовтың айтуынша, ұшақтарды сатып алу жұмыстары республикалық бюджет және сыртқы инвестициялар арқасында жасалған. Бірақ, азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту үшін, мемлекет жағынан қолдау қажет, дейді комитет төрағасы Алматбек Мәмбетов:
- Несиелер басқада салық жеңілдіктері сияқты қызықтыру қажет, жаңа ұшақтар сатып алу үшін.
Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметовтың айтуынша, экономика министрлігі ұшақтар сатып алуға 120 миллион доллар инвестиция беруге дайын болған, бірақ, Азаматтық авиация комитеті қаржыны игеруге дайын екендігін дәлелдей алмаған.
Ал, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Алматбек Мәмбетов «Air Astana» сияқты компанияға ұшақ сатып алу үшін, екі мемлекеттің келісімді жұмысы қажет деген уәж айтты:
- Директорлар кеңесінен асып өте алмайды. Ал, бұл кеңес екі жақтан тұрады. Бір жағынан Қазақстан үкіметі, екінші жағынан британдық «BAE Systems» компаниясы. Екі жақ келіскен жағдайда ғана, оны жүзеге асыруға болады.
Ал, ұлттық тасымалдаушы «Air Astana» компаниясының барлық ұшақтары оффшорлық аймақта Нидерланды мемлекетінің меншігі саналатын Аруба аралында тіркелген екен. Бұл аралда салық, кеден, инвестициялық және басқада жеңілдіктер жұмыс істейді. Бұл ақпарат құпия болмағанымен көпшілікке белгісіз. «Air Astana» компаниясының өкілдері ұлттық тасымалдаушы болғанымен ондағы ұшақтар лизинг талаптарымен шет елдерден алынған. Ал, оларды сатқан компания өкілдері халықаралық талаптарға сәйкес ұшақтарға сервистік қызмет көрсету үшін, қазақстандық ұшақтарды шет елде тіркеу қажет деген талап қойған деседі. Оның үстіне шет елде тіркелген ұшақтармен Батыс Еуропаға және Азия елдеріне оңай баруға болдады, дейді «Air Astana» өкілі Аида Дарменова.
Азаматтық авиация комитетіде осындай жауап қайтарған. Ұшақтардың шет мемлекеттегі көлік министрлігінің реестріне енгізу амалын ресейлік компанияларда, басқа да компанияларда жүзеге асырып келеді, дейді олар. Алайда, Қазақстан ұшақтарының неліктен офшорлық аймақта тіркелген деген сұрақ туындайды. Соңғы 3 жылда «Air Astana» Қазақстан бюджетіне 35 миллион жоллар көлемінде салық төледік, деп отыр. Бұл, мемлекет салған инвестициядан 4 есе артық деп хабарланады. Бірақ, жергілікті экономистердің пайымдауынша, қазақстандық ұшақтар басқа елде тіркелгендіктен мемлекет тіркеуден түсетін салықтан құр алақан қалады. Және ұшақтарды сақтандыруға қажет қаржы Қазақстанға төленбейді. «Air Astana» өкілі Аида Дарменованың айтуынша, Қазақстанда бірнеше ұшақты сақтандыруға шамасы жететін сақтандыру компаниясы атымен жоқ.
Бұған дейін, «Азаттық» радиосына «Air Astana» компаниясының ұшқыштары компания шет елдік ұшақтарды сатып алып, шет елден ұшқыштар жалдамақшы болған деп хабарлаған болатын. Мұны олар компанияда Қазақстан азаматы емес, шет елдік басшы болғандықтан деп түсіндірген. Ал, жергілікті бұқаралық қапарат құралдарының хабарлауынша «Air Astana» басшысы ауысқан. Бұл жолы да ұлттық тасымалдаушы бастығы болып шет елдік азамат тағайындалған. Енді, Ллойд Пакстонның орнына Питер Фостер келді деп хабарланды.