Accessibility links

АҚШ-тың денсаулық және халыққа қызмет көрсету министрі Майк Ливитт он күндік Азия сапарында жүр


Вашингтон. Сапар мақсаты - құс тұмауы эпидемиясымен күрестің халықаралық шараларын талқылау. Майк Ливитт Камбоджа, Тайланд пен Лаос және Вьетнамға сапары барысында құс тұмауына қарсы бірлесіп күрес жүргізу шаралары мен мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз деп атап көрсетті.

Н5Н1 деген атауға ие құс тұмауынан Азия бойынша миллиондаған адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін, қазірдің өзінде бұл дертті жұқтырғандардың саны 100 адамға жеткен, олардың 60-тан астамы жоғарыда аталған Азияның төрт елінде. Дәрігерлер бұл эпидемияның тым тез таралып бара жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG