Зілзаланың орталығы Пәкістан астанасынан солтүстікке қарай 100 шақырымдай қашықтықта Үндістанмен арадағы даулы Кашмир аймағында болған. Пәкістан билігі қаза тапқандар саны 500-ге жетті дейді. Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық, мыңдаған адамдар үйлерін тастап далаға шыққан, Пәкістан ресмилері бірнеше ауылдар да жермен-жексен болып қирап қалды дегенді айтып отыр. Жерасты дүмпулері Тәжікстанда да сезілген.