БЕРЛИН. Германия канцлері әрі социал-демократиялық партияның лидері Г.Шрёдер мен консервативтік христиан-демократттары партиясының жетекшісі А.Меркель соңғы парламент сайлауынан кейінгі “жаңа үкіметті кім жасақтауға тиіс?” деген мәселені талқылау үшін бүгін Берлинде өзара келіссөзін жалғастырады. Екі партия өкілдерінің де бірауыздан хабарлауынша, келіссөздің нәтижесі ол аяқталысымен жариялануға тиіс. 18-інші қыркүйекте болып өткен кезекті парламент сайлауында А.Меркельдің партиясы Г.Шредердің социал-демократтарынан шамамен 1 процент дауысты артық алды. Бірақ бірде-бір партия жаңа үкіметті жасақтайтындай басымдыққа ие бола алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды