ШАННОН. Дүйсенбі күні Орталық Азияға ұшып кеткен Кондолиза Райс сәрсенбіде президент Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланған. Ал бүгін ол Қырғызстанда президент Құрманбек Бәкиевпен кездеседі. Райс ханымның айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың күшеуі “елдің демократияға қарай жылжуына” байланысты. Халықаралық бақылаушылар Қазақстанда ешқашан сайлаулар ашық және әділ өтпеген дегенді айтады.