ПӘКІСТАН. Құтқарушылар Пәкістанның астанасы Исламабадта зілзаладан қираған үйлердің астын аршып, бір Ирақтық әйел мен оның 2-жасар баласын құтқарды. Рихтер бағаны бойынша 7,6 баллға жеткен сенбі күнгі жер сілкінісінен Пәкістанның өзінде қаза болғандардың саны 20 мыңнан асты. Ал көршілес Үндістанда 2 мыңға жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін. Тағы 10 мыңдай адамның тағдыры туралы әлі хабар жоқ. Қазір АҚШ, Еуроодақ, Түркия, Ресей, Қытай және басқа елдердің мамандары құтқару жұмыстарын атқарып жатыр.