Accessibility links

Ауғанстанда 18 полиция офицері қаза тапты


Ауғанстанның Хелманд провинциясында кеше жасалған шабуылдан кемінде 18 полиция офицері қаза тапқаны анықталды. Провинция полициясының бастығы генерал Абдұл Рахмен шабуылға Пәкістан шекарасының маңында тұратын есірткі тасымалдаушылары көмектесті деп сипаттады. Шабуылды талибаншылар жасады деп айтылып отыр. Ішкі істер министрлігі 150 полиция сарбазы провинцияның Регистан ауданына салтанатқа қатысуға бара жатқан еді, жолай торуылға түсіп қалды, шайқас шамамен алты сағат жүрді деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG