КАБУЛ: Бүгін таңертең Ауғанстан астанасында 2 зымыран жарылып, Канада елшісі тұратын үйдің сыртында жарылған зымыраннан кемінде 1 күзетші жараланды. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарына қарағанда, тағы бір зымыран Ауғанстан үкіметінің барлау қызметінің мекен-жайына түсіп жарылған. Адамның қазасы жайында әзірше мәлімет жоқ. Бұл жарылыстар АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың ауған президенті Х.Қарзаймен келіссөз өткізу мақсатында сапармен Кабулға келуі қарсаңында орын алып отыр.