Accessibility links

Ирақ Ұлттық Ассамблеясы Ата заң жобасына өзгерістер енгізуді қарастыруда


Ол жоба сенбі күні референдумда дауысқа салынатын болады. Парламент төрағасы кеңсесі хабарына қарағанда, бүгінгі сессия барысында сейсенбі күні Сүнні, Шии және Күрд басшылары арасында болған келіссөздер қорытындысы қарастырылатын болады. Бұл хабарды елбасы Жалал Талабани де растады. Ирақ Ислам партиясы атты сүнні арабтары партиясы Ата заң жобасынының кейбір тұстарына өзгерістер енгізу келісіміне кеше қол жеткізілгені жөнінде айтты. Сүннілердің басқа партиялары жобаға қарсы тұратындықтарын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG