Accessibility links

Пәкістанда жер сілкінісінен құрбан болғандардың саны 25 мыңнан асты


МУЗАФАРАБАД: Құтқарушылар Пәкістанның сенбі күнгі зілзаладан баспанасыз қалып, осымен 6-ншы күн ашық аспан астында түнеген 10-даған мың халқына шұғыл да төтенше көмек көрсетуде. Кеше апат болған аудандарды аралаған БҰҰ-ының өкілі Ян Эгеланд ол жердегі ахуалды “өте ауыр” деп бағалап, уақытты созбай шұғыл көмек беру керек деп мәлімдеді. Ол халықаралық қауымдастықты көмекке тікұшақтар мен ас су, шатырлар мен қаражат бөлуге шақырды. Апат болған аудандарғы азық-түлік пен басқа да қажетті заттар жеткізілу үстінде. Соңғы ресми мәлімет бойынша, сенбі күні болған зілзаладан 25 мыңнан астам халық құрбан болды.
XS
SM
MD
LG