Accessibility links

Кондолиза Райс бүгін Владимир Путинмен кездеспек


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс бүгін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеспек. Күн тәртібінде – Иран ядролық бағдарламасының мәселесі. АҚШ үкіметі Иран құпия түрде ядролық қару жасап жатыр дейді, Иран мұны жоққа шығарып келеді. Алдағы демалыс күндері Кондолиза Райс Франция, Ресей және Британия басшыларымен кездесіп, Иран мәселесінде бірауыздық танытуға шақырмақ. Ресей Иранға ядролық реактор салысып жатқаны аян. Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару қажет деген мәселе Халықаралық атом энергетика агенттігінде дауысқа салынғанда Ресей қалыс қалған.
XS
SM
MD
LG