Дәстүрлі халық музыкасын орындаушылардың үшінші республикалық байқауына қатысып жатқан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның студенті Жұлдыз Матпұсова қазіргі ұрпақтың дәстүрлі музыкадан гөрі эстрадаға көбірек ден қойғанын айтады. Бүгінгі жастардың бұл беталысына орай дәстүрлі музыканы тыңдату мақсатында оны эстрадаға қоса беру қажет емес дейді ол. Аталған байқауда саз сырнаймен бірнеше шығарма орындайтын Жұлдыз Матпұсова ең бастысы дәстүрлі музыканың өз табиғатын сақтай отырып, халық арасында насихатын күшейту қажеттігін айтады.
Ал және бір байқауға қатысушы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы, сыбызғышы Әйгерім Бекбердиева дәстүрлі музыканың эстрада арқылы тыңдарманын көбейтіп жатса сөкеттігі жоқ дейді. Әрі аталған байқаудың аясын кеңейтіп, мұндай дәстүрлі музыкаға арналған шаралардың бұқаралық сипатын арттыру қажеттігін айтады.
Енді аталған байқаудың қазылар алқасының төрағасы, ҚР халық артисі, күйші Қаршыға Ахмедияров дегенменде дәстүрлі музыкаға деген жастардың беталысы тәуір және дәстүрлі музыкалық аспаптар да рухани айналымға қосылып жатқанын айтады.
Сондай-ақ аталған байқауды ұйымдастырушылардың бірі Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның проректоры, композитор Ақтоты Райымқұлова аталған шара аясындағы басты табыстары «Асыл Мұра» жобасы бойынша қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық жәдігерлері жазылған 12 компакт-дискінің жарыққа шығуы дейді.
Дәстүрлі халық музыкасын орындаушылардың үшінші республикалық байқауының жүлдегерлері бейсенбі күні анықталмақ.