ТОКИО: Жапоия премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми соғыс қимылдарында құрбан болған 2.5 млн. жауынгерге, оның ішінде әскери қылмыстары үшін сотталған қолбасыларға арналған Ясукуни шіркеуіне осымен бесінші рет барып тағзым етті және әр жолы оның бұл әрекеті Ясукуниді жапон басқыншылығының символы деп санайтын көрші елдер Оңтүстік Корея мен Қытайдың ащы наразылығын туғызып келеді. Өздерін жапон басқыншылығының құрбаны санайтын ресми Сеул мен Бежин Д.Коидзумидің Ясукуни шіркеуіне аяқ басуын қазіргі жапон үкіметінің бұрынғы басқыншылық соғысын мойындағысы келмейді деп бағалайды. Бұл жолы да көп ұзамай Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Сеулдегі жапон елшісін шақырып алып, Коидзумидің әрекетіне “көңілі қалып, қатты өкінгенін” мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV