Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясының лидері елге орала ма, оралса – тұтқындалмай ма?


БАКУ: Әзірбайжанның қауіпсіздік күштері қуғында жүрген оппозициялық Демократиялық партиясының лидері лидері Расул Құлиев келіп қонуға тиісті Баку әуе жайына баратын жолды бөгеді. 1996 жылдан бері АҚШ-та тұратын Р.Құлиев - 6 қарашада өтетін парламент сайлауында дауысқа түсу үшін Бакуге бүгін оралуға тиіс. Елге оралған бойда ол қаражатты талан-таражға салды деген айып бойынша қамауға алынуы мүмкін. “Азаттық”-қа Лондоннан берген сұхбатында ол: “Әзірбайжанда демократиялық сайлау өткізу, демократиялық сайлауды дәстүрге айналдару – ең басты мақсат...” -деп мәлімдеді. Р.Құлиевтің үзеңгілестері оны қарсы алу үшін әуе жиналмақшы. Алайда Әзірбайджан полициясы заңсыз толқу ұйымдастырды деген күдікпен 20-шақты адамды қамады.
XS
SM
MD
LG