СИМФЕРОПОЛЬ: Әзірбайжанның оппозициядағы Демократиялық партиясының лидері Расул Құлиев Лондоннан Бакуге ұшып келе жатқан жолында Қырым түбегінің астанасы – Симферопольге аялдауға мәжбүр болды. Ол отырған ұшақ Әзірбайжан жағының рұқсат бермеуі себепті Баку әуе жайына қона алмай, Симферопольге отырған. 9 жылдай АҚШ-та қуғынды болған Р.Құлиев – қараша айындағы парламент сайлауына қатысу үшін елге оралмақ болды. Симферопольде ол милиция бөлімшесіне жеткізіліп, үзеңгілестерінің айтуынша, көп ұзамай босатылуға тиіс. Әзірбайжан үкіметі оны қаржы-қаражатты талан-таражға салды деп айыптаса, бірақ оппозиция оларды саяси астары бар айыптар деп мәлімдейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV