Қытайлық мұнай компаниясы, PetroKazakhstan-ның құнды қағаздарының бір бөлігін Қазақстанға сатуға келісімін бердік деп хабарлады. Енді «Қазмұнайгаз» Қытайдың CNPC компаниясымен келісімге отырып, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын бірге басқару құқығына ие болды. Халықаралық БАҚ хабарлауынша, қытайлық компания Қазақстанға өз құнды қағаздарының үштен бір бөлігін шамамен бір жарым миллиард долларға сатуға келіскен. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Қазақстанда экономикалық үрдістерге мемлекеттік құрылымдар емес беделді топтар әсер етеді. Олар президенттің жанындағылардың қызығушылығына орай, заңдарға өзгеріс енгізуге септігін тигізуі ықтимал, дейді саясаттанушы. Оның айтуынша, осы топтар арқылы қытайлықтарға қысым көрсетілген.
«Бірақ, ел басшылығы Қытай үкіметінің атынан жұмыс істейтін ірі компанияға қатты әсер етуге қауіптенеді. Өйткені, бұл жағдайда Қытай инвестициясы салынған мұнай құбыры сияқты басқа жобаларға қауіп төнуі мүмкін», - дейді Досым Сәтпаев.
Ал, саясаттанушы Дос Көшім, шетелдік компаниялармен мұнай өнімін бөлісу жөніндегі келісімдерді дамыған елдердегідей мұнай шығатын елге тиімді етіп өзгерту керек деп санайды.
«Әр халық өз жерінен шыққан пайдасын өзі көру керек. Келісімдерді де қайта қарау керек», - дейді Д.Көшім.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан президенті Н.Назарбаев елде жер ресурстарына қатысты бірқатарға заңдарға өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Яғни, бұдан былай, Қазақстан тарабы өзге елдердің компанияларымен жасалған жаңа талаптарға сай келмейтін ескі келісімдерді өзгертуге құқылы болады. Экономист Валентин Макалкиннің айтуынша, заңдарға енгізілген соңғы өзгерістерден кейін Қазақстан жағы аталған компанияны толығымен сатып алуына болады. Оның үстіне Қазақстанның зейнетақы қоры мен ұлттық қорында жатқан ақша бар, дейді ол.
Бірақ, «PetroKazakhstan»-ның қиыншылықтары да жоқ емес. Қазір, компания Ресейдің «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясымен соттасып жатыр. Екі компания өзара біріккен кәсіпорын бойынша таласқа түскен. Оның үстіне Қазақстанның қаржы полициясы да канадалық компанияға бірнеше айып таққан болатын. Бұған дейін, Қазақстан үкіметі "PetroKazakhstan Inc.» компаниясынан монополияны пайдаланып табыс тапқаны үшін 520 миллион доллар көлемінде айыппұл талап еткені хабарланған-ды. ҚР Өндіріс және сауда министрлігінің өкілі Әлиақпар Мәтішевтің хабарлауынша, егер, компания айыппұлды төлемесе, Қазақстан үкіметі оны сотқа бермек. Оның айтуынша, "PetroKazakhstan Inc.» компаниясы жанармайды өзіне қарасты 12 кәсіпорын арқылы сатып бәсеке таласын әділетсіз еткен. Сондай-ақ, Ә.Мәтішев мырза қытайлық мұнай компаниясының "PetroKazakhstan Inc.» компаниясын сатып алу ниетіне байланысты пікірін білдірген еді.
«Егер де мен сатып алушылардың орнында болсам, заңдарды бұзатын кәсіпорынды сатып алуға қауіптенетін едім», - деді ол.
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, осыған ұқсас айыптарды басқа компанияларға да қойса болар еді, бірақ, кезінде бұған көз жұмылып келген.
«Өйткені, бұған лоббистер өз әсерін тигізген», - дейді саясаттанушы.
Осындай қиыншылықтардан соң «PetroKazakhstan» басшылығы бизнесін сату туралы шешім қабылдаған, дейді сарапшылар. Алайда, әзірге "PetroKazakhstan Inc.» компаниясы сатылады деп айту ертерек. Халықаралық басылымдардың хабарлауынша, компанияның құнды қағаздарын ұстаушылар бұл мәселе бойынша келісімге келе алмай, соттасып жатқан көрінеді. Келесі сот отырысы қазан айының 26-сында өтеді деп хабарланып отыр.