Accessibility links

Европа одағы құс тұмауына қарсы тұру шараларын үйлестіруде


Одақтың денсаулық комиссары Маркос Киприонау құс фермаларының өнімдерін сырттан кіргізбеу турасындағы келісім жасалғандығын айтты. Европа комиссиясының баспасөз өкілі Ахпренкилди Хансен бұл шектеуді былайша түсіндіреді:

-Комиссияның арнайы комитеті үй құстарының және жабайы құстардың етін Ресейдің барлық аймағынан импорттауға тиым салды.

Ал Украина парламенті көршілес Ресей мен Румыниядан құс еттері мен басқа да өнімдерінің кіргізілуіне алты айға шек қойған шешім қабылдады. Ресейдің төтенше жағдай жұмыскерлері құс тұмауының вирусы табылған Яндовка ауылында ауру құстардың көзін жоюда. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы құс тұмауының белгілері осыдан екі ай бұрын табылған Қытай жөнінде алаңдаушылық білдірді. Тайланд 13-ші адамның құс тұмауынан құрбан болғандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG