Accessibility links

Әзірбайжанның бұрынғы екі министрі билік басындағы партия қатарынан шығарылған


Баку. Бұрынғы экономика министрі Фархад Әлиев пен бұрынғы денсаулық министрі Әли Инсанов осы аптада қызметтерінен алынған соң тұтқындалып, оларға Әзірбайжанның оппозициялық демократиялық партиясының лидері Расул Қулиевпен бірге үкіметті құлатып, төңкеріс жасамақшы болды деген айып тағылған болатын. Әзірбайжан демократиялық партиясы жетекшісінің орынбасары Сардар Жалалоғлы тұтқындалған екі министр мен өз партиясының арасында ешқандай байланыс жоқ деп мәлімдеді.

Қаржыны талан-таражға салды деп айыпталып, тоғыз жылдан бері қуғында жүрген Қулиев өткен аптада Әзірбайжанға бара жатқан жолда Украинада аз уақытқа ұсталған болатын. Расул Қулиев 6-қарашада болатын Парламент сайлауына кандидат ретінде тіркелген, бірақ Әзірбайжанның заң орындары оны ел ішіне келген заматта тұтқындаймыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG