Accessibility links

Ресми Дамаск БҰҰ-ы тарапынан тағылған айыптарды түбегейлі жоққа шығарады


ДАМАСК. Кеше Сирия Ливанның экс-премьер-министрі Р.Әл-Хариридің қазасына өзінің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысы болды деген айыпты ресми түрде жоққа шығарды. Сирияның жоғарғы саяси мекемесі – Ұлттық даму майданының жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде Әл-Хариридің қазасын тергеген халықаралық комиссияның қорытындысы “қарама-қайшы әрі онша сенім туғызбайды” делінеді. Сирия сыртқы істер вице-министрі Уәлид Муаллим, осы есепте көрсетілгендей, Р.Әл-Хариридің Бейруттағы жарылыстан қаза болуы алдында оған сес көрсеткен жоқпын деп мәлімдеді. Осы күні Ливан үкіметі Әл-Хариридің қазасына байланысты бірінші күдіктіні тұтқындады.
XS
SM
MD
LG