Ол сөздер келесі аптада да жалғаспақшы. Өзбек сотының елдегі 15 азаматты Әндіжан оқиғаларына айыпты, деп отырғаны белгілі. Олар сондай-ақ аталған оқиғалар кезінде, негізгі дені исламдық жауынгерлер боп табылатын 187 адам қаза болды, деп келеді. Тәуелсіз зерттеушілер мұндай мәліметпен келіспеуде. Прокурорлардың айтуынша бір шерушілерге келесі бір шерушілер тобы оқ жаудыруы себепті осындай кісі шығыны болған-міс. Ал, Махбуда Зокирова ханым соттағы жауабында, сол Әндіжандағы оқиғалар кезінде қарапайым азаматтар тобына өкімет күштерінің оқ жаудырғанын көзімен көргендігін айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі