Accessibility links

Ресей белгілі саясаткерлері Саддамнан пара алған көрінеді


БҰҰ баяндама жариялап, Ирақпен бұрын жасалған "Мұнайға азық-түлік айырбас" бағдарламасының шеңберінде Саддам Хұсейннің үкіметімен екі мыңнан астам компания пара беріп, пара алысқан деп мәлімдеді. Бұл шаруаларға әсіресе Ресей жеке саясаткерлері мен жеке компаниялары араласқаны айтылады. Комиссия төрағасы, АҚШ Федералды резерв жүйесінің бұрынғы төрағасы Пол Вулкер Саддам Хұсейннің үкіметіне жасалған заңсыз төлемдер Ирақтың Мәскеудегі елшілігі арқылы жүріп отырған деп көрсетті. Ираққа қолдау көрсеткені үшін Ресей Коммунистік және Либералды-Деомкратиялық партияларымен сыбайлас компаниялар Ирақтан көп мөлшерде мұнай алған делінеді.
XS
SM
MD
LG