Accessibility links

Беларус полициясы 70 саяси белсендіні қамауға алды


Беларус полициясы тәуелсіз сайлау бақылау тобының 70 адамын қамауға алды. Олар кеше ел астанасы Минскте құрылтай жиналыстарын бастап жатқан жерінен әкетілді. Тәуелсіз сайлау бақылау тобы жиналыстан соң құжаттырын үкіметке өткізіп, тіркеу бұйымтайын жасамақ болған. "Партнершип" ұйымының басшысы Николай Астрейка айтқандай, құрылтай жиналысы театрде басталып жатқанда полиция келіп, топ мүшелерін заңсыз жиналыс өткізіп жатырсыңдар деп айыптаған. Николай Астрейка Беларус заңы бойынша рұқсатсыз жиналыстарға тиім салынғанын білеміз, бірақ тіркелуге қажет құжаттарды жинау үшін жиналыс өткізбек болдық дейді.
XS
SM
MD
LG