Accessibility links

Ресей президенті Путин кеше Голландияға екі күндік ресми сапармен келді


В.Путин мен оның зайыбын Голландия патшайымы Беатрице мен ханзада Виллиям Александр күтіп алды. Амстердамдағы іскер топпен кездескенде өзара коммерциялық байланыс жөнінде Ресей президенті В.Путин:

«Ресей мен Голландия арасындағы екі жақты сауда-саттық үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында 15 млрд долларға жетті. Енді бұл көрсеткіш 20,25 млрд долларға жетеді деген сенім бар», - деді.

Голландия Ресейге ең көп инвестиция құйып келе жатқан 2-ші деңгейдегі ел. Бүгін президент В.Путин Гаагадағы халықаралық трибунал сотында болмақ.
XS
SM
MD
LG