Түрмеде отырған Ресей мұнай алпауыты Михаил Ходорковский Ресейде жаңа саяси элита қалыптастыруға шақырды. Ходорковский мәлімдемесін Британияда шығатын "Файненшл таймс" газетінің толық бір бетінде бүгін жарнама ретінде шығарды. Қазан айының ортасында Сібір түрмесіне сегіз жылдың үкімін өтеуге айдалған Ходорковский үкімет "мені тек ғана оқшаландырғысы келмейді, үкімет көзімді жоймақ" деп мәлімдеді. Ходорковский Ресей мемлекет орындарын қайтадан қалпына келтіретін күн туды, Ресейдің халықаралық абыройын қайта жинау керек, ол үшін Ресей жаңа саяси элитаны мұқтаж деп көрсетті.