Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев түрме көтерілісін басуға күш қолданылғанын дұрыс қимыл деп құптады. Құрманбек Бақиев бас министр Феликс Құловпен бірге баспасөз мәслихаттарын өткізіп, қол көтерген бүлікшілерге әрдайым тойтарыс беріледі деп көрсетті. Үкімет өкілдері түрмеде отырғандар бірінші оқ атты дейді. Қырғызстан әділет министрі Марат Қайыпов екі түрмедегі кейбір сотталғандар аштық ереуілін бастады дейді. Елдің бірнеше түрмесінде кеше бүлік шығып, полиция тәртіп орнату қамымен қару қолдануға мәжбүр болды. Билік орындары төрт сотталған азамат қаза тапты дейді, басқа ақпарат бұлақтары шамамен 20 сотталған азамат өлді деп хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?