Accessibility links

Өзбек оппозициясынан «Күнсәулелі Өзбекстан» ұйымының жетекшісі Нодира Хидоятова Ресей әкімшілігінен Өзбекстандағы адам құқықтары бойынша заңсыздықтарды мойындап, рухани көмек беруге шақырды


Ресей астанасындағы баспасөз мәслихаты кезінде, Хидоятова, Ресей үкіметі қаласа Өзбек халқына азаптан құтылуға мүмкіндік туғызған болар еді, деді.

- Өзбекстан қандай мақсатпен енді Ресейге қарай бет бұрды? Себебі, Еуропа мен Америка Өзбекстан ресмилеріне өз есігін жапты. Ал Ресей енді өзінің Орта Азиядағы орнын бекемдеуге мүмкіндік туды деп үміттенеді. Оны түсінгендіктен келісемін. Ал егер Өзбекстанда аласапыран басталып, аяқ астынан төңкеріс орын алса, үкімет ауысса не болмақ? Онда Өзбекстан Америкаға қарай ұмтылмақ па? Онда Ресей не істемек? – деді Нодира Хидоятова.

Батыс елдері бимылғы жылғы мамыр айында Әндіжан қаласында болған қырғын үшін президент И.Кәрімовты сынағаны мәлім.
XS
SM
MD
LG