Accessibility links

Париждің маңайында тоғызыншы түн тәртіпсіздіктер жалғасты, полиция 200-дей адамды тұқынға алған


Жастардың бұзақылық қимылдары Франция астанасының жанындағы Ренн, Лилль, Тулузу қалаларында да етек алды. Ассошайтед пресс агенттігі Францияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, бұзақылар 750-ден астам машинаны өртеп жіберген деп хабарлайды. Полиция Севран аймағында автобустан шығып бара жатқан бір әйелге бұзақылар жанармай құйып, от қойып жіберді, әйел ауруханада деген. Парижде, Сюрень елді мекенінде автобус оқпен атқыланған. Бірқатар жерлерде тәртіпсіздік жасаушылар шақыртумен келген жедел жәрдем машинасына тас лақтырған. Бұл толқулар негізінен әл-ауқаты нашар иммигранттар тұратын аймақтарда орын алуда.
XS
SM
MD
LG