Accessibility links

Еуропа одағына мүше 25 елдің Сыртқы істер министрлері бүгін Брюссельдегі кездесуінде Иранның ядролық бағдарламасына байланысты сауалды талқыламақшы


Ресми Техран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты сөйлесулерді қайта жалғастыруды Британия, Франция, Германия елдерінен ресми түрде сұрады. Иран Сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда БҰҰ-ы тексерушілерін ресми Техран Парчин атты әскери комплекске жіберген. Екі жақ арасындағы сөйлесулер тамыз айында тоқтап қалған болатын. Халықаралық атом энергиялық агенттігі қыркүйек айында Техран ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісіммен бірлікте жұмыс істемей отыр, деп арнайы қарар қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG