Қазақстан әлемдік сауда ұйымына қосылуға дайындалып жатқанына бірнеше жыл болды. Бұл халықаралық қоғамдастыққа дамыған елдердің барлығы дерлік қосылған, қалғандары енгелі жатыр, деген ақпарат бар. Тіпті көрші Қырғызстанда сауда ұйымының құрамына қосылған. Бірақ, дамыған мемлекеттердің қатарында қауымдастыққа енбей отырған елдер бар. Мәселен Финляндия. Қазақстан болса, алдағы жылдары сауда ұйымына қосыламын деп отыр. Ал, әлемдік банктің Қазақстандағы өкілі Педро Родригестің айтуынша, Қазақстанға қаржы қызметтерін, телекоммуникациялық және көлік саласындағы қызметтің сапасын жақсартып, әлемдік стандарттарға жеткізу керек. Бірақ, Қазақстанда ауыр индустрия және сүт өнімімен шоколад шығаратын кейбір кәсіпорындар Ресеймен бәсекеге түсе алады, дейді шет елдік экономист.
Ал, экономист Валентин Макалкиннің айтуынша, Қазақстан өз елінде темір металлы және одан бұйымдар шығаратын мүмкіншіліктерінің барлығына қарамастан, құрылысқа қажет темір заттарды Қытайдан енгізеді. Сондықтан, метталургия саласына көңіл бөлу қажет, дейді ол.
Дегенмен, әлемдік сауда ұйымына енудегі негізгі талаптардың бірі, аграрлы өндірісті мемлекет қаржыландырмауы шарт. Ұйымның ауыл шаруашылық саласын қаржыландыруға мүлде қарсы емес, екендігін айту қажет. Бірақ, ол тікелей инвестиция болмауы тиіс. Нақты мысалдар арқылы, Қазақстан мен АҚШ-тың ауыл шаруашылығын салыстырып көрейік. Американың көлемі жағынан орташа фермасы-алуан түрлі 2-3 техникамен қамтамасыз етілген. Қазақстанның ортастатистикалық диқанына жарты трактордан келеді, дейді сарапшылар. Сондықтан, мемлекеттің көмегінсіз қазақстандық өндіруші шет елдік фермермен бәсекеге түсе алмайды, деген пікір бар. Ал, экономист Уалихан Қайсаровтың айтуынша, бұл олқылықты шешу үшін, азық-түлік саласына көп көңіл бөлген абзал:
- Ауыл шаруашылық саласында өніммен не істерін білмей отыр. Ауылда май, сүт қабылдайтын орындар жоқ. Сосын мына жеңіл өнеркәсіп өнімдері Қытай, Ресей, Еуропа, Түркиядан келіп отыр.
Қазақстандық шаруаның табысы тіпті жанар-жағар май сатып алуға жете бермейді. Ал, дамыған мемлекеттерде банктер несиені ең төменгі пайызбен және өте ұзақ мерзімге беретіні белгілі. Сондықтан, Қазақстан үшін, әлемдік сауда ұйымына қосылмас бұрын, алдын ала мемлекетке қолайлы талаптарды талқылап алған дұрыс, дейді мамандар. Экономист Атамұрат Шаменде бұл пікірге қосылып отыр:
- Мемлекет өз ақшасын көктемде беріп қою керек. Астық сатып алуға жасаған механизм сияқты. Осы жасалмай отыр.
Әлемдік сауда ұйымына бұрын енген мемелекеттер ауыл шаруашылық саласына қаржылай қол ұшын беруге дайын. Мысалы, Ұлы Британияда фермер шығындарының 30 пайызын мемлекет көтереді. Ал, Еуропаның кейбір мемлекеттерінде бұл көрсеткіш 50 пайызға жеткен. Ал, әлемдік банктің Қазақстандағы өкілі Педро Родригестің айтуынша, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларға кесірін тигізетін әлемдік сауда ұйымы емес, голланд ауруы. Мысалы, Қазақстанда мұнайхимия өнімдерін өңдеу саласы жоқтың қасы, оны Норвегиядағыдай дамыту керек, дейді экономист.
Әлемдік сауда ұйымының талапары бойынша Қазақстан экспортқа субсидия бере алмайды. Бірақ, ауыл шаруашылық саласына көмек көрсету үшін, мемлекет су беруіне және ғылыми жұмыстарды қаржыландыруына болады.